You are here

"Хабар" агенттігі" АҚ

Бүгінгі «Хабар» агенттігі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарататын үш телеарнаның басын қосқан «телеотау», олар: «Хабар»,  алғашқы ұлттық спутниктік «KAZAKH TV» арнасы және тәулік бойғы ақпараттық «Хабар 24» арнасы.

«Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық  Ақпараттық  Агенттігі құрылады.

Агенттік құрамына кіретін телеарналардың тәуліктік хабар тарату көлемі: «Хабар» – 20 сағат, «Kazakh TV» – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат. 

Агенттіктің Қазақстанда және Ресей, Италия, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия елдерінде тілшілер қосыны жұмыс істейді.

Эфирдің 75% телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Көрсетілімдердегі бағдарламалардың 90% әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтиды. Тәуліктік хабар таратудың 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

«Хабар» агенттігі алғаш құрылған күннен бастап ірі бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастықтарының мүшесі болып, халықаралық телевизиялық қауымдастыққа қатысып келеді. 1998 жылы «Хабар» Азия – Тынық мұхиты хабар тарату кеңесінің (АBU) толық құқылы белсенді мүшесі болды, оның алға қойған ұстанымы – радио және телевизияның хабар таратушыларының ұжымдық мүддесін қолдау, хабар таратушылар арасындағы аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Азия-Тынық мұхиты хабар тарату кеңесінің мүшелігіне әлемнің 52 елінен 102 ұйым кірген. 2004 жылы «Еуразия телевизия және радио Академиясы» халықаралық коммерциялық емес кәсіби ұйымына мүшелікке кіруге шешім қабылданды («ЕТРА» ХККҰ). ЕАТР-ның қызметі Еуразия елдерінде ашық ақпараттық және мәдени кеңістікті сақтауға, бұқаралық ақпарат құралдары әлемінде серіктестікті дамытуға бағытталған. 1998 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ телеакадемия аясында жыл сайын өтетін Еуразия телефорумына қатысып келеді. Серіктестікке қатысты сұрақтар, БАҚ рөлі, медиа кеңістіктің дамуы тренді, Бүкіләлемдік орыс тілді баспасөз қауымдастығының конгресінде талқыланады. Мұнда мүшелікте «Хабар» агенттігі де бар. Жыл сайын Конгресс жұмысына әлемнің 70-ке жуық елінен 500-ден астам БАҚ басшылары қатысады.

 «Хабар» агенттігі Тынық мұхиты және Азия елдері ақпараттық агенттіктерінің ұйымы (OANA) мен Азия және Тынық мұхиты Хабар таратуды дамыту институтының (AIBD) мүшесі. 2013 жылы Euronews сияқты Еуропаның ірі телевизиялық холдингімен серіктестік келісімі жүргізіліп, Euronews Network бірлестігінің құрамына енді.

2015 жылда «Хабар» Агенттігінің» құрылғанына 21 жыл толды. Осы уақыт ішінде Агенттігінің қызметкерлері мен телебағдарламалары ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болған. Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілерінің жұмыстары EMMY телевизиялық сыйлығының номинанты атанса, сондай-ақ Ресейде өткен «Золотой глагол» сайысының бас жүлдесін иеленген. «Город будущего» жастар бағдарламасы Жапонияда өткен халықаралық фестивальде әлемнің үздік ондығына енді. Севастополь қаласында өткен халықаралық байқауда «Хабар» Агенттігінің» бастамасымен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» фильмі тарихи туындылардың ішінде лауреат атанды. 

Агенттіктің телеарналар сайттары:

http://khabar.kz/

http://kazakh-tv.kz/

http://24.kz/

http://elarna.kz/kz/

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы