Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Халықаралық әріптестік

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ), Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО), Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) секілді халықаралық профильдік ұйымдармен белсенді әріптестік орнатқан және бірқатар халықаралық бастамаларға қосылу арқылы ақпараттық қоғамды дамыту мәселелерінде өз қызметі барысында алдыңғы қатарда орналасуына мүмкіндік береді.

2014 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында «электрондық үкімет» жаһандық форумында БҰҰ-на мүше-мемлекеттермен электрондық үкіметтің стратегиясын күшейту, тәжірибе алмасу және жаңа әдістемелермен танысу мақсатында келісім жасалды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау» жобасы шеңберінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы адами капиталды дамыту жұмыс тобы құрылған.

2016 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бүкіләлемдік банк 2016-2017 жылдарға бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын дайындады.

Қазақстанда ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласының жоғары даму қарқыны Біріккен ұлттар ұйымы, Халықаралық электробайланыс одағы, Бүкіләлемдік экономикалық форумның халықаралық сарапшыларымен ескерілетінін атап өту қажет.

Мысалы, БҰҰ-ның «электрондық үкіметтің» даму индексі бойынша 2014 жылы шілде айында жарияланған есебінде Қазақстан 193 елдің ішінен 28 орын алды. ХЭО-ның «Ақпараттық қоғамды өлшеу» есебінде АКТ даму индексі бойынша Қазақстан 167 елдің ішінен 58 орында. Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2016 жылғы Жаһандық есебінде желілік дайындық идексі бойынша қазақстан 139 елдің ішінен 39 орында, оның ішінде жекелеген көрсеткіштер бойынша, «ұялы телефон абоненті»  – 6-орын, «кең жолақты Интернетке қосылу» - 20-орын, «ұялы Интернет қолданушылар саны» - 46-орын, кеңжолақты Интернет абоненттерінің саны бойынша – 59- орын алған.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2016 жылғы Жаһандық есебінде «АКТ саласындағы заңнаманы дамыту» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2015 жылмен салыстырғанда 10 саты жоғарылап, 38 орын алған (48 орын, 2015).

ТМД елдері арасынан АКТ саласында Қазақстан көшбасшы мемлекеттердің бірі болып табылады. Мысалы, 2014 жылғы 21 қарашада «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-на ТМД мемлекеттері одағының үкімет басшыларының шешімімен АКТ саласында әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамту жұмыстарын атқару үшін ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Базалық ұйымы мәртебесі берілді. Қазіргі кезде, Базалық ұйым ТМД қатысушы-мемлекеттеріндегі АКТ ағымдағы даму жағдайына талдау жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасының АКТ саласына шет елдік инвесторларды тарту және халықаралық рейтингтердегі елдің халықаралық бағалануының жалпы динамикасының дамуына оң әсерін тигізу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

2016 жылдың 25-26 мамырында Астана экономикалық форумында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

1) 2016 жылдың 24 мамырында Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаментімен (ары қарай – БҰҰ ЭӘМД) бірлесіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына «электронды үкіметтің» дамуын зерттеу әдісі бойынша семинар ұйымдастырды. Семинар есеп анализі ҚР-ның БҰҰ кезекті э-үкімет рейтингідегі позициясын болжауға қолданылады.

2) 2016 жылдың 25 мамырында келісілген техникалық «Біріккен экономикалық зерттеулер бағдарламасы» тапсырмасы шеңберінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Цифрлық Қазақстан - Цифрлық болашақ құру: Тұжырымдама, жаһандық үдерістер және ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты дөңгелек-үстел өткізілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 25 мамырында «Қазақстан мен Корея арасындағы цифрлық ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

3) 2016 жылдың 26 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп «Адамзат пен  елдер арасындағы цифрлық теңсіздікті жою» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияның жұмысына әлемнің оннан астам елінен беделді саясаткерлердің, экономистердің, әлемге танымал сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, ірі корпорациялардың, халықаралық ұйымдардың, әлемдік АКТ компаниялардың бірінші тұлғалары қатсыты.

Конференция шеңберінде қоғамды, бизнес пен мемлекеттік басқаруды қолдауға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыты болып табылатын цифрлық инфрақұрылым, индустрия және креативтік қоғам мәселелері талқыланды.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы