You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет» және ақпарат салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

1) Ақпарат комитеті;

2) Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті.

3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Министрлік мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.

10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Министрлiктің миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Министрліктің миссиясы:

реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ  бірыңғай ақпараттық кеңістікті және байланыс инфрақұрылымын дамыту мен тұрақты жұмыс істеуін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

15. Мiндеттерi:

1) ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

2) пошта және байланыс  саласында мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті  және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды қолданатын тұлғалардың қызметін реттеу;

3) телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

4) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттандыру саласында халықаралық ынтымақтастық;

8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

9) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;

10) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

толығырақ қарау

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы