Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.

2. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Қаржы департаментіне Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Министрліктің Қаржы департаменті:

1) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталына орналастыруды;

2) жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті дайындауды және оны Министрліктің веб-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы