Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік)                                            2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің мынадай бұйрықтарының:

1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 474 бұйрығының;

2) «Қазақстан Респуликасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 474 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 187 бұйрығының күші жойылсын.

3. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Қаржы департаментіне Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Министрліктің Қаржы департаменті:

1) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік үш күн ішінде Министрліктің веб-порталына орналастыруды;

2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті дайындауды және оны Министрліктің веб-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрінің міндетін атқарушы                                  Н. Мауберлинова

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика министрі

__________________Т. Сүлейменов

2018 жылғы  «____»  _________

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    __________________ Б. Сұлтанов

    2018 жылғы  «____»  _________

 

Орналастырылған: 25.05.2018
Жаңартылған: 10.09.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы