Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мелекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорының байланыс мәліметтер: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4 үйі.

Конкурс 2018 жылғы 4 сәуірде мына мекенжайда өтеді: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 7 қабат, 745 кабинет, анықтама үшін телефондар: (7172) 74-18-51, 74-05-07.

Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін ақпараттық және әдістемелік, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың сақталуына бағытталған іс-шараларды ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

 

1) Жоғары кәсіби білім: заңгерлік не экономикалық, не техникалық не гуманитарлық білім. «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша және Кәсіпорын бейініне сәйкес келетін саладағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

3) ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, ҚР Бюджет кодексін, «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Байланыс туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» және «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды білуі қажет. Байланыс, телерадио хабарларын тарату, нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ негізгі мемлекеттік стратегиялық құжаттарды білуі қажет;

4) Директордың функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы басшылық ету; Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету; берілген заңнамалық құқықтары шегінде Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу, қызметінде және шаруашылық-экономикалық байланысты жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Кәсіпорынның алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынасын реттеу; жаңа техникалар мен технологияларды, еңбекті басқарудың прогресивті формасы мен ұйымдастыруды ендіруге жағдай жасау; Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жұмысы мен заңдылықты сақтауын қадағалау; сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Кәсіпорын мүддесін қорғау.

Конкурсқа қатысу үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады, ұсыну мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органның Интернет-ресурсында жарияланған күнінен бастап қабылданады және конкурс жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін арттыруы, ғылыми атақтар мен деңгейлерін алуы, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар және т.с.).

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы