Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын «Мемлекеттік радиожиілік қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 78 қаулысына сәйкес құрылды.    

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік монополияға жатқызылған байланыс аясында бәсекелес нарықта іске асырылуы ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйіне жағымсыз әсер етуі мүмкін жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. уәкілетті орган халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын бақылауды қоса алғанда, байланыс қызметтерін көрсетудің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстардың орындалуын, сондай-ақ радиожиілік спектрінің және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау мониторингін техникалық қамтамасыз ету;
  2.  радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету;
  3. радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу, оның ішінде радиожиіліктерді таңдау;
  4. Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс шараларды техникалық қолдап отыру;
  5. ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларындағы сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қолжетімділік беру.  

Басшылық

Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы – директор

Сейсекенов Руслан Серікұлы – директордың орынбасары   

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 4, 7 қабат

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы