Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1275 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 841 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1275 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 841 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1275 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 841 бірлескен бұйрығына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде № 12990 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 ақпанда тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Телекоммуникациялар комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

_________________ Д. Абаев

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

_______________ Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөнiндегi

комитетiнің төрағасы

_______________ Қ. Жақыпбаев

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы