You are here

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАМА

2018 жылғы 16 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Дәурен Әскербекұлы Абаев Министрліктің қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді.

Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев көшесі, 4, мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 740725, 8(7172) 740745 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе b.serikbaeva@mic.gov.kz,  d.mukhamedzhan@mic.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» интернет порталы, Министрліктің ресми интернет-ресурсы http://www.mic.gov.kz. арқылы Ақпарат және коммуникациялар Министрінің блогына немесе Call-орталыққа 8(7172) 740343 номері арқылы бағыттау мүмкіндігін хабарлаймыз.

Кіру ашық.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы