Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарда:

10-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«10. Пошта төлем белгілерінің номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай әріптер қолданылады:

«А» - Заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде 20 граммға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес;

«В» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 50 граммға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес;

«С» - Қазақстан Республикасының шегінде 50 граммға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес;

«N» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 10 граммға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес;

«М» - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 граммға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді.»

2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2017 жылғы 3 сәуірдегі №119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15055 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 27 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарда:

5-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«5. Пошта маркаларының, блоктардың, маркіленген хат қалталардың және (немесе) пошта карточкаларының номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай латын әріптер пайдаланылады:

«А» - Заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде 20 граммға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес;

«В» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 50 граммға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес;

«С» - Қазақстан Республикасының шегінде 50 граммға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес;

«N» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 10 граммға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес;

«М» - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 граммға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді.»

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ақпарат

және коммуникациялар министрі                                  Д. Абаев

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы