Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат.; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

  1. мазмұнында:

33, 53-баптары алып тасталсын;

2) 13-баптың 1-тармағының 18-34) тармақшасы алып тасталсын;

3) 15-баптың 1-тармағының 15-3) тармақшасы алып тасталсын;

4) 33-бап алып тасталсын;

5) 53-бап алып тасталсын.

2.  2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72-құжат, 75; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 10 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 қазандағы Заңы):

1) 39-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды. »;

2) 40-баптың 2-бабының 23) тармақшасы алып тасталсын;

3) 55-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Су объектілерінің жағдайына әсер ететін объектiлердi салу, қайта жаңарту (кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы бар болса жүзеге асырылады.»;

4) 66-бапта:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкілетті органның өңірлік органдары өтініш беруші осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;

15-тармақта:

төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту арнайы су пайдалануға жаңа рұқсатты талап етеді.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөліммен толықтырылсын:

«Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді уәкілетті органның өңірлік органдары өтініш беруші осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;

15-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:

«Арнайы су пайдалануға рұқсатты ұзартуды уәкілетті органның өңірлік органдары өтініш беруші осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;

5) 115-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шаралары алдын ала қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, уәкілетті органмен келісіледі.»;

 

Дата мероприятия: 
Сейсенбі, 20 қараша, 2018
Орналастырылған: 20.11.2018
Жаңартылған: 21.11.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы