Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін хостинг көрсетілетін қызметтерін ұсыну (хостинг-виртуализациялау технологиясын қолданумен шоғырландырылған есептеу алаңын ұсыну)

Қазіргі таңда Мемлекеттік органдардың серверлік орталығының ( бұдан әрі - ММ СО) базасында мемлекеттік органдарға орталықтандырылған есептеу ресурстарын ұсыну үшін виртуализациялау технологиясын қолданумен шоғырландырылған есептеу алаңын құру жөнінде жоба іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты ММ СО орналасқан виртуалды серверлерге есептеу қуаты хостингі қызметтерін ұсыну болып табылады. ММ СО-да виртуализация технологиясын пайдалану, кез-келген ақпарат жүйесін пайдаланған кезде қажет, бөлінген қуатты икемді әрі қысқа мерзімде өсіру немесе азайту мүмкіндігін дәлелдеді.

Мемлекеттік органдардан есептеу ресурастары қажеттілігі жөнінде келіп түскен өтінімдердің негізінде, хостинг қызметтеріне орталықтандырылған шарт жасасылды (виртуалды есептеу ресурстарын орталықтандырып ұсыну). Аталған шарттың шеңберінде виртуалды ресурстар Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрілігіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасының Әділет министірлігіне, Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот кеңесі аппаратына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер министірлігіне және т.б. ұсынылды.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы