Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасының Мобильдік Үкіметі

mgov

Мобильдік Үкімет – 2014 жылы басталған Қазақстан Республикасының электрондық үкімет дамуының жаңа кезеңі. Жобаның мақсаты мобильдік байланыс арқылы қоғамға қызмет/сервис көрсететін мобильдік үкіметтің платформасын құру, сонымен қатар халық пен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының қосымша әрі тиімді арнасын орнату болып табылады.

Egov.kz мобильдік қосымшасы iOS, Android және Windows Phone платформаларының негізіндегі гаджет иелері үшін қолжетімді. Қазіргі уақытта, мобильді қосымшаға 80-нен астам мемлекеттік қызмет бейімделінген. Қазіргі таңда, ұялы телефон мен смартфон көмегімен Қазақстандықтар мекенжай анықтамасын ала алады, балабақшаға кезекке тұрып оны бақылай алады. Сондай-ақ, мүлік салығын, көлік салығын, коммуналдық қызметті, айыппұлдарды, олардың ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды да төлеп басқа да түрлі қызметтерді пайдалана алады. Мысалы, дәрінің атауы бойынша ең жақын дәріхананы табуға болады.

Жоба іске қосылғалы мобильдік үкіметте 1 млн. 900 мыңнан астам азамат тіркеліп, 3 млн-нан астам қызмет көрсетілді. iOS платформасына жүктелген қосымшалар саны – 100 мыңнан астам,  Android платформасына – 230 мыңнан астам, Windows Phone платформасына – 3,5 мыңнан астам.

Қазіргі таңда, мобильдік қосымша арқылы қызметтерді пайдалану үшін пайдаланушыға келесі шарттарды орындау қажет:

1.      Телефонға Egov.kz мобильдік қосымшаны қондыру

2.      Egov.kz порталында тіркелу

3.      Телефон не SIM-картаға ЭЦҚ қондыру

Мобильді Үкіметке қосылу Электрондық Үкімет порталы және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі арқылы мүмкін. Азаматтардың ЖСН мен телефон нөмірі деректерін сақтайтын мобильдік базасы жүзеге асырылғанын айта кетейік.

Жобаның аясында жеке куәліктің аяқталу мерзімі, техбайқау, келіп түскен айыппұл және т.б. іспеттес жағдайлар жөнінде пайдаланушыларды алдын ала ескерту үшін push пен sms-хабарламалардың арнасы құрылғанын назарыңызға салайық.

Мобильді қосымшада, азамат туралы бүкіл ақпарат жинақталатын, Мобильдік жеке кабинет жасалынған. Мобильдік жеке кабинетте азаматтың туған кезі, жері, төлқұжат пен жеке куәліктің мәліметтері, тіркелген мүлкі секілді тағы да басқа ақпарат орналасқан. Деректер автоматты түрде мемлекеттік органдардың түрлі деректер қорларынан жинақталып ақыр аяғында пайдаланушының досьесін құрайды.

Сонымен қатар, мобильдік қосымшада сізге жүргізуші/жеке куәлігін ауыстыру керектігін, мемлекеттік корпорациядағы  қызметтің орындалу барысын, лицензияның мерзімінің бітуін және т.б. хабарландыруларды көрсететін бөлім бар. Мысалға, қазіргі кездің өзінде Қазақстандықтарға борышкерлер тізіліміне қосылғандығын, не болмаса ҚР-дан тыс шығуға тыйым салынғанын, техбайқаудан өту қажеттігін және т.б. жайттардың барлығын хабарламалар жеткізіп жатыр. Бұл хабарламалар пайдаланушының қалауынша телефонға жіберілуі мүмкін, ол үшін мобильдік қосымшада қажетті параметрлерді орнату жеткілікті.

Мобильдік үкіметтің кейбір қызметтеріне қол жеткізу үшін электрондық цифрлік қолтаңбаны пайдалану қажет. Ол үшін ЭЦҚ сақтай алатын арнайы SIM-карта не болмаса ЭЦҚ файлы көшірілген смартфон керек.

SIM-картадағы мобильдік қолтаңба технологиясы осы жоба аясында іске қосылғанын айта кеткеніміз жөн. Алтел, Beeline, сондай-ақ мемлекеттік корпорациясының кеңселерінде осындай SIM-карталарды сатып алып жеке ЭЦҚ-ны жазуға болады. Жуық арада, электрондық қолтаңбаны осындай SIM-картаға сақтау мүмкіндігі Қазақстанның әрбір аймағында барлық операторлар үшін қолжетімді болмақ.

Қалған операторлар да SIM-картадағы ЭЦҚ қолдану мүмкіншілігін жәуық арада тартпақ.

SIM-картадағы ЭЦҚ қолдану кез келген ұялы телефон үлгілерінен электрондық қызмет алуға мүмкіндік береді

Ал интернет желісіне қосылуы жоқ ұялы телефондарды пайдаланатын азаматтар үшін SMS-қызметі іске асырылды. Техбайқау өту мерзімін, тұрғын уй мен балабақшаның кезегін 1414 қысқа нөміріне SMS жіберіп білуге болады.

Осындай SMS-терді ақұжаттардың қағаз нұсқаларына теңестіру мүмкіндігі заңнамалық деңгейде талқылануда.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы