Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы

 

1. Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын осы өкімнің қосымшасындағы құрамына сәйкес құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).

2. Қоса беріліп отырған  Комиссия туралы ереже бекітілсін.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2018 жылғы «    »   

№          өкіміне  қосымша

Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның құрамы

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар Комитетінің төрағасы, хатшы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

____________________________________

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2018 жылғы «     »

       №                     өкімімен

       бекітілген

Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi

 ведомствоаралық комиссиясы туралы

ереже

1.     Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану, сондай-ақ түрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттiк сәйкестігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жұмыстарды үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган  болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесімдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2.     Комиссияның негізгі мiндеттерi

5. Комиссияның негізгі міндеттері мынадай ұсыныстарды әзірлеу болып табылады:

1) мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының бөлу және пайдалану саласында радиоэлектрондық құралдардың даму үрдісі негізінде Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді сыртқы және ішкі саясаты жөнінде;

2) Қазақстан Республикасының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тапсырыс берушi, оларды әзiрлеушi, пайдаланушы немесе шет елден сатып алушы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмысынүйлестiру жөнінде;

3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әзірлеу, өндіру және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына жеткізу

кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен оларға қойылатын өзге де талаптарды анықтау жөнінде.

3.     Комиссияның қызметін ұйымдастыру

6. Комиссияның жұмыс тәртібі және ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы  № 247 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа  сәйкес жүзеге асырады.

            ____________________________________

 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы