You are here

Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына және 141-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттары);

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (бұдан әрі - тексеру парағы) бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1282 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 844 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13009 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті және Телекоммуникациялар комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрлеріне жүктелсін.

5. 2019 жылғы 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін өлшемшарттарына қосымшаның, 22-реттiк нөмiрi, жолын және тексеру парағының, 3-реттiк нөмiрi, жолын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

_________________ Д. Абаев       

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің төрағасы

2018 жылғы «____» ______________

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы