Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Қазақстанның электрондық үкіметі

Қазақстанның электрондық үкіметі Қазақстанда электрондық үкіметті құру идеясы тұңғыш рет 2004 жылы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен айтылған болатын. Сол жылы электрондық үкіметті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, ол электрондық үкімет дамуының негізгі сатыларын анықтап берді. 2006 жылы Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды.  

Қазіргі таңда Қазақстанда электрондық үкіметтің нормативтік-құқықтық базасы, сәулеті мен инфрақұрылымы қалыптасқан. Электрондық үкіметтің барлық қажетті базалық компоненттері, деректер қорлары, мемлекеттік және ведомствоаралық шлюздер құрастырылған. Ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы арқасында электрондық үкіметтің әрбір азамат үшін қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

Электрондық үкіметті қалыптастырудағы жүйелік әдіс арқасында 2008-2014 жылдар арасында электрондық үкімет бойынша БҰҰ рейтингінде Қазақстан 81 орыннан 28 орынға дейін 53 сатыға көтерілді.

Бүгін электрондық үкіметтің инфрақұрылымы арқылы 900 қызмет пен сервис көрсетіледі. Порталдың қазақстандықтар арасындағы танымалдылығы статистикалық деректерпен дәлелденеді. Портал пайдаланушылары болып еліміздің экономикалық белсенді халқының 50% астамы немесе 5,3 миллионнан астам адам табылады. Оларға 130 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді.

 Қазақстандықтар төлемдерді электрондық үкімет арқылы сеніммен жасайды. Осылайша, Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы өткен сома жүйенің іске қосылған сәтінен бастап 20 миллиард теңге белгісінен асты.

Процесстердің ұдайы жетілдірілуі мен оңтайлануы өткізіліп жатыр. Мысалы, бизнесті тіркеу үдерісі анағұрлым жеңілдеді. Бұрын бұл процесс күрделі және ұзақ болатын, 30 күннен астам уақытты алатын болса, қазір жүйелердің ықпалдасуы арқасында 4 сағаттан аспайды.

Бұдан басқа, оңтайландыру бірнеше қызметті бір кешендік қызметке айналдыруға мүмкіндік берді. Мысалы үшін, егер бұрын азамат дүниеге бала келгенде қызметтерді алу үшін үш рет: баланың туылуын тіркеу, әлеуметтік жәрдемақыны ресімдеу және баланы балабақшаға кезекке қою үшін жолығу керек болса, қазір бұл қызметтер «Баланың тууы» бір композиттік қызметіне біріктірілген. Яғни адам бір қадаммен үш қызметті пайдаланады.

Электрондық үкімет дамуының келесі сатысы – «ақылды» немесе «проактивті» үкімет, яғни мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматқа ешқандай сұраныс жолдаудың қажеттігі болмайды. "Проактивті" үкіметтің өзі өмірлік жағдайларды қадағалап, азаматтың орнына қажетті рәсімдерді орындайды. Ал азамат осы әрекеттерді растап қана отырады.

Қызметтердің электрондық түрде қолжетімді болуына азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаны тегін беру де септігін тигізді. Барлығы 11 млн. ЭЦҚ беріліп, соның ішінде 4,7 млн. ЭЦҚ азаматтардың жеке куәлігіктеріне (ID карталар) жазылды.

Ұялы байланыс және мобильді технологиялар халық арасына кеңінен таралғандықтан, ҚР Мобильді үкіметін құру электрондық қызмет көрсету инфрақұрылымының дамуындағы жаңа маңызды кезең болып саналады.

Қазіргі сәтте смартфондар мен планшеттерде iOS және Android платформаларына арналған мобильдік қосымша  қолжетімді, олардың көмегімен 80-нен аса электрондық қызмет түрлерін алуға болады. Бүгінгі күні мобильдік қосымша арқылы 3,3 млн.астам қызмет көрсетілді.

Соңғы енгізілген жаңалықтардың бірі – телефонның SIM-картасына жазылған электрондық цифрлық қолтаңба. Оның көмегімен ұялы телефон иесі, соның ішінде ескі үлгідегі телефон арқылы да, мемлекеттік қызметті ала алады. Ол үшін қысқа нөмірге SMS-хабарлама жіберіп, оны SIM-картаға жазылған өз мобильді қолтаңбасы арқылы растайды.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы