You are here

КОНКУРСТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығымен бекітілген «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларына» (бұдан әрі- Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2018 жылғы 13 наурызда    сағат 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі,

8 үй (Министрліктер үйі), 14 - кіреберіс, (745-бөлме). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Конкурсқа міндетті теле-, радиоарналар тізбесіндегі (тарату аумағы – Қазақстан Республикасы) «Білім және Мәдениет» телеарнасы жұмысының тоқтатылуына және оның аталған тізбеден алынып тасталуына байланысты    1 (бір) орын қойылады:

Конкурсқа қажетті құжаттар:

1. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім.

2.Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мына бөлімдерден  тұруы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткер мыналарды ұсынады:

1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастарға және балаларға арналған, музыкалық теле-, радио бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көрсетілу уақыты;

өз теле-, радиобағдарламалары, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияларының арақатынасы;

орта тәуліктік хабар тарату уақыты;

сандық мәнде шығармашылық және техникалық қызметкерлердің қадрлық әлеуеті.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер мыналарды ұсынады:

1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдықтарының болуы, жағдайы және оның типі туралы ақпарат;

2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

3) эфирге шығарылатын теле-, радиобағдарламалардың дыбыс және көрсету сапасын жоғары деңгейде беру жөніндегі міндеттеме;

4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына дейін беру тәсілі туралы ақпарат.

Қаржылық ұсыныстар

Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

1) анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;

2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылына арналған бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындары туралы мәлімет.

Үміткер өзінің пікірінше конкурстың мәні бойынша, Комиссияның конкурстық ұсыныстарды барынша объективті бағалауына мүмкіндік беретін кез келген мәліметтерді қамтитын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурстық құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 үй (Министрліктер үйі), 14 - кіреберіс, «В» 202-бөлме, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Өтінімдер және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен бастап 2018 жылғы 12 наурыз сағат 18.00-де аяқталады.       

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары (7172) 740-479; 740-538. 

 

 

Міндетті теле-, радиоарналардың

тізбесін қалыптастыру бойынша

конкурс өткізу қағидаларына

1-қосымша

      Телерадио хабарларын таратуды

       дамыту мәселелері жөніндегі

       комиссияның төрағасына   

 

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін

қалыптастыру бойынша

конкурсқа қатысуға арналған өтінім

     

Жалпы мәліметтер:

1. Заңды тұлғаның толық атауы /жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.

_____________________________________________________________

         

2. Заңды мекенжайы:

_____________________________________________________________

         

3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:

_____________________________________________________________

     

4. Теле-, радиоарнаның атауы:

_____________________________________________________________

     

5. Тақырыптық бағыты:

_____________________________________________________________

     

6. Таратылу аумағы:

_____________________________________________________________

     

бірінші басшының/

дара кәсіпкердің қолы

М.О. 20__ ж. "__" ____________

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы