Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды

2018 жылғы 19 ақпандағы №9-б

    Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Ішкі мемлекетті

к аудит комитеті төрағасының

міндетін  атқарушысының

бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша

 аудиторлық қорытынды

Мемлекеттік аудиттың тақырыбы (мақсаты): бюджет қаражаттарын басқарудың тиімділігін  арттыру  және ҚР  заңнамасының нормаларын сақтау.

Мемлекеттік аудиттың объекті: «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік аудит өткізілген: ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудиторы – бас сарапшы Кунтуарова К.З.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: сәйкестік аудиті өткізілген кезең- 01.01.2017 - 31.01.2018 ж.

Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі: «ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» РММ-де  өткізілген сәйкестік аудиті (2018 жылғы 2 ақпандағы аудиторлық есеп) қаржылық бұзылуы белгіленген жалпы сома 120,6 мың.теңге, сонымен бірге: 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 97-бабы 6-тармағының бұзулуына, 2017 жылғы  9 қарашасындағы  № 6 Шартқа 2017 жылғы 9 қарашадағы № 1 Қосымша келісімнің техникалық ерекшелігінің 2.4 тармағының, Министрлікпен іс жүзінде кезекті еңбек демалысында, қызмет бабымен іссапарда болған 32 пайдаланушыны ЭҚАБЖ-імен жұмыс жасауды үйрету бойынша 120,6 мың. теңге сомасында қызметтер негізсіз қабылданған.

Сондай-ақ, Министрлік «Телекомпания «ЭРА» ЖШС-пен телеканал арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат өткізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша 2017 жылғы 11 тамыздағы  №81-ГЗ шарттың  міндеттемелері ұзарту бөлігінде  жетіспеушілікті жол берілді.

Мемлекеттік аудит бойынша тұжырымы:

Аудиторлық  іс-шара  нәтижесі бойынша 120,6 мың.теңге сомаға қаржылық бұзылуы белгіленген, аудит объекті шарт міндеттемелерін сақтамаған (орындамаған).

Мемлекеттік аудит бойынша ұсыныстар:

Бюджеттік қаражатты жұмсау үдерісінде ЕСЭДО пайдаланушыларын іс жүзінде  уйретілген мамандар үшін ғана төлеу.

Қосымша Әдістемеге құнды анықтау көрсетілген қызметке бұқаралық ақпарат құралдары өзгерістер енгізу, көтере сатып алатын мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізетін «Сериалдың өндіруі» (№11)  қосу «Сериалдың өндіруі және орналыстыруы», сонымен бірге көрсетілген қызмет орналастыруы теңгемен.

Бұзушылыққа жол берген лауазымдық тұлғаларға тәртіптік шаралар қолдану және бұдан әрі бұзушылыққа жол бермеу.

Аудиторлық  іс-шара  нәтижесі бойынша қабылдайтын шаралар: қабылдаған жоқ.

Қаржылық бақылау бойынша шаралары: бұзуын алып тастау (жою) бойынша нұсқаманы жіберу және бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаларды  қарарастыру.

 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы