Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Мемлекеттік органның бақылау-қадағалау функциялары туралы ақпарат

Байланыс саласында бақылау тәртібі, ұйымдатыруы және өткізуі Кодекс, ҚР «Байланыс туралы»,  «Ақпараттандыру туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарды және басқа да байланыс саласындағы ҚР нормативтік-құқық актілері шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодекстің 138-баптың 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес, бақылау байланыс, ақпараттандыру және  электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында жүзеге асырылады.

Кодекстің 137-баптың 1-тармағына сәйкес, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау:

1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі – осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексеру;

2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Бақылау түріндегі функциялары:

  • радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзуді жүзеге асыру;
  • тексерулер жүргізуді және байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды ұйымдастыру;
  • Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  • пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде), 639, 640, 641 (бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Сонымен бірге, соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша хаттамалар жасауға мыналардың ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 464 (екінші бөлiгi), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi), 638 (екінші бөлігі)-баптар).

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы