You are here

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204041,10



275663,69

 

С-3

154071,85

208205,20

С-4

138248,25

186551,86

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8,  Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79,  электрондық адрес m.konkurs@mic.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс  жариялайды:

1. БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінің тиімділігін талдау, мониторинг жасау және бағалау, ақпарат саласындағы Министрліктің стратегиялық жоспарын іске асыруды талдау және мониторинг жасау, Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде ақпарат саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Департаменттің қызметін үйлестіру және ұйымдастыру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің басым бағыттары бойынша, ақпарат саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты, халықаралық ынтымақтастықты іске асыру бойынша ұсынымдарды дайындау мен талдауды жүзеге асыру ұсыныстар әзірлеу, БАҚ саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын қалыптастыру және үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл ету, тұрғындардың ақпараттық тапсырыстары мен күтілімдеріне болжам және талдау жасау. Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне жалпы басшылық жасау, үйлестіру және бақылау. Ақпарат саласындағы Министрліктің мәселелері бойынша талдау, анықтамалық және ақпараттық құжаттарды Департамент директорына және Министрге дайындауды қамтамасыз ету, Министрлік қызметінің бағыттарындағы жұмыс жағдайы бойынша Министр және Министрлік басшыларын ұйымдастыру және талдау жағынан қамтамасыз ету. Министрліктің алқа, аппараттық және жедел отырыстарын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты, Департаменттің жедел жиналыстарын өткізуді ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Департамент, Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының құзыреттері мәселелері бойынша Директорға ұсыныстар енгізу, Департамент қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Министрліктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының құзыретіне кіретін Директор мен Министрдің тапсырмалары, Министрліктің алқа, аппаратық және жедел отырыстарының шешімдерін орындауға бақылау жүргізу. Департамент құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдармен іс-қимыл ету, Министрліктің басшыларымен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен байланысты қамтамасыз ету, Министрлік басшыларының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ғарыш техникасы және технологиялары) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, менеджмент, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, журналистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, қоғамдық байлыныс, аймақтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (география) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі, құқық және экономика негіздері). «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары,   С-2, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Өз құзыреті шегінде Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің басшылығына Департаменттің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Министрліктің жауапты хатшысына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі және  штат санының белгіленген лимиті шегінде оның басқармалары жөнінде ұсыныстар беру. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтау. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою. Байланыс саласын дамыту мен жетілдірудің, радио-жиілік спектрін бөлудің, жоспарлаудың және тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары мен басымдықтарының ұсыныстарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарастырылуын бақылауды жүзеге асыру. Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша шаралар қолдану. Департамент қызметкерлерінен Министрлік басшылығының бұйрықтарын, шешімдерін, тапсырмаларын тиісті түрде орындауды талап ету. Қазақстан Республикасының байланыс саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарының ұсыныстарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Телекоммуникациялар, пошта байланысы салаларын дамытумен байланысты құжат жобаларын әзірлеуге қатысу. Байланыс саласына талдау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Телекоммуникациялар, пошта байланысы саласындағы проблемаларды қарастыру және шешу жөніндегі ведомствоаралық комиссия және жұмыс топтары шеңберінде жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу. Байланыс операторлары кеңесі отырысының жұмыстарын және құжаттарын әзірлеуді ұйымдастыру. Пошта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыруға қатысу. Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында пошта байланысының өндірістік объектілеріне пошталық индексін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өзінің құзыреті шегінде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Байланыс саласының даму көрсеткіштерін жақсарту сұрақтары бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимылды үйлестіру. Халықаралық ұйымдармен (Халықаралық электр байланыс одағы, Дүниежүзілік пошта одағы, Байланыс саласындағы өңірлік достастығы және т.б.) байланыс саласында ынтымақтастыққа қатысу. Байланыс, радиожиілік спектрін бөлу, жоспарлау және тиімді пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру.   Белгіленген тәртіпте Министрліктің алқа отырысына, сондай-ақ Министрліктің басшыларымен өткізілетін кеңестерге қатысу. Халықаралық электр байланыс одағының дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының актілерінен туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. «KazSat» спутниктік байланысының ғарыштық кеңістігін және жиілігін пайдалануға халықаралық мойындауын алу мақсатында жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру, сондай-ақ «KazSat» спутниктік байланысына шетел мемлекеттерінің радиоэлектр құралдарының рұқсат етілмеген радио бөгеулерді болдырмау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.   Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: байланыс және ақпараттандыру саласындағы техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, менеджмент, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, механика) немесе білім (математика, физика, информатика, құқық және экономика негіздері). «Байланыс туралы» 2004 жылғы  5 шілдедегі, «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақсан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

3. «Электронды үкімет» және мемлекеттік қызметті дамыту департаменті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ оны іске асыруды қамтамасыз ету. Басқарманың қызметін үйлестіру және ұйымдастыру; Басқармаға түсетін хат-хабарларды қарау және бөлу; Басқарма қызметкерлерімен тапсырманы дұрыс дайындау және орындау мерзімін қадағалау; Белгіленген талаптарға сәйкес өзінің қызметіне қажетті есептілікті дайындау; «электрондық үкімет» жобаларының қызметін үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шеңберінде автоматтандыруға жататын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындауға қатысу; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ақпараттандыру бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болған сәйкестік актісіне, есептерге және өзге де құжаттарға бұрыштама қою; Басқарма жетекшілік ететін «электрондық үкімет» жобалары шеңберінде сатып алынған жобалардың бағдарламалық-аппараттық құралдарын қабылдау; «электрондық үкімет» компоненттерінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің жұмыс істеуі бойынша; Министрліктің компьютерлік жабдықтары мен жергілікті-есептеу желісінің үздіксіз жұмыс істеуі бойынша қызметтерді үйлестіру;  Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл ету; ақпараттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша қызметті ұйымдастыру; Басқарманың жұмысымен байланысты құжаттарды дайындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларды, нәтиже көрсеткіштерге жету және Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспардағы іс-шараларды уақтылы орындау жұмыстарын жүргізу. Министрліктің ақпараттандыру саласындағы іс-шараларды іске асыру шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік өтінімдерін қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, стандарттау, сертификаттау және метрология, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), немесе құқық (құқықтану), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, есеп және аудит), немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі, информатика). «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын білуі және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

4. Цифрландыру департаменті Мемлекеттік органдарды цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 29.03.2019 жылға дейін).

Функционалды міндеттері: «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері бойынша жиындарды ұйымдастыру.  Өңірлерді цифрландыру бойынша жол карталарының іске асуын бақылау. Басқарманың құзыреті бойынша Министрліктің Стратегиялық және операциондық жоспары іс шараларының мақсатты индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне, сапалы және уақытылы орындалу бойынша жұмыстарды жүргізу. «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру бойынша туындайтын сұрақтарды халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.  Ақпараттандыру саласындағы шараларды жүзеге асыру шеңберінде Министрліктің тиісті бюджеттік өтініштері мен стратегиялық жобаларын, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын құруға қатысу. Басқарма құзыретінің шеңберінде Министрліктің тиісті бюджеттік өтініштері мен стратегиялық жобаларын, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын, бюджеттік тапсырысты құруға қатысу. «Жылдам жеңістер» шеңберіндегі өңірлерді цифрландыру бойынша жобалардың іске асырылуына бақылау жүргізу. Жергілікті атқарушы органдар ақпараттық жүйелерінің минималды функционалдық талаптарын қарастыру және келісімдеу. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарастыру, әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, стандарттау, сертификаттау және метрология, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика). «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

5. Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізу басқармасының бас сарапшысы,   С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері:  Министрге қол қоюға ұсынылатын құжаттардың, нормативтік құқықтық актілер жобаларының және Министрлік әзірлейтін құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру; шарттар, халықаралық келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, оларды дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу; құрылымдық бөлімшелердің сұранымдары және Заң департаменті басшылығының, Жауапты хатшының және Министрдің тапсырмалары бойынша заңнамалық қорытындылар әзірлеу, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; құқық қорғау және сот органдарына беру үшін сыбайлас жемқорлық және де басқа құқық бұзушылық сипаттары бар болу мүмкіндігі бар әзірленген материалдардың заңнамалық рәсімделуін іске асыру; басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрлік атынан түсіндірмелер беру; Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Министрліктің норма шығару қызметін саралау және оның нәтижелері бойынша Жауапты хатшыға оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу; Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдар қызметкерлеріне құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру; ведомствоаралық комиссия отырыстарына қатысу үшін материалдарды дайындауға қатысу, заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Парламентінде Министрлік әзірлеушісі болып табылатын заң жобаларының өту барысына қатысу; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Министрлік әзірлейтін  нормативтік құқықтық актілер жобаларын, оның ішінде оларды Министрліктің өзге басқармалар әзірлеген жағдайда, келісу жолымен дайындауға қатысу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық). 1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» 2015 жылғы 31 қазандағы, «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы кодекстерін, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»  2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

2. Құқықтың негізгі қағидаттарын, азаматтық заңнаманы, Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру, бұқаралық ақпарат құралдары, еңбек қатынастары және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларын білуі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Сұхбаттасуды өткізу орны мен мерзімдері: сұхбаттасу үміткерлердің сұхбаттасуға рұқсаты туралы ескерту алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8,  Министрліктер үйі, 14 кіреберіс өтеді.

 

Дата мероприятия: 
Жұма, 23 қараша, 2018

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы