Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Мобильді байланыс

Қазақстанның мобильді байланыс нарығында төрт GSM-операторы («Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС және «АЛТЕЛ» АҚ) қазақстандықтарға өз қызметін ұсынуда.

Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанның барлық бағыттары бойынша сөйлесу құны 7 есе арзандап, бүгінгі күні минутына 5 теңгені  құрап отыр. Бұл бір SMS-хабарламаның бағасынан арзан.

Бұдан басқа, 2012 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан бойынша қоңырау соғудың секундтық тарифтеуі енгізілді. Ал, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық абоненттері үшін халықаралық бағытқа қоңырау шалудың секундық тарифтеуі енгізілді.

2010-2015 жылдар аралығында ұялы байланыс операторлары арасында интерконнект жарнасы 20 теңгеден 8 теңгеге арзандатылды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан интерконнект жарнасы 5 теңгені құрайтын болды.

Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап ұялы байланыстың үшінші буынды 3G стандарты ендірілді. 2014 жылдың аяғына аталған желімен халық саны 10 мың және одан да көп елді мекендер қамтылды.

2012 жылдан бастап Қазақстанда төртінші буындағы 4G стандартының желісін салу бойынша жобаны іске асыру басталды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 4G желісі барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында және халық саны 50 мың және одан да көп елді мекендерде қолдануға берілді, ал 2018 жылға дейін барлық район орталықтарында орнатылады.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы