Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ

 

Государственные учреждения

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» Республикалық мемлекеттік мекемесі

Мақсаты: мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарын кооперациялаудың тиімді тетіктерін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы өзара іс-қимыл үшін жағдай жасау.

Қызметінің негізгі түрлері:

1) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының коммуникациялары үшін бірыңғай алаң қалыптастыру;

2) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөнінде тиімді тетіктер жасау;

3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысу;

4) бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені үйрену.

 

Іс-шаралар форматы: баспасөз конференция, ресми өкілдің анонстық брифингі, "шұғыл" брифинг, лекторий, галстуксіз кездесу,  Шын тобе, kaz talks,  FailUp Nights дөңгелек үстелдер.

Іс-шаралар «Хабар24» телеарнасында, Орталық коммуникациялар қызметінің ortcom.kz ресми сайтында,  Facebook-те  тікелей эфирде трансляцияланады.

 

Директор

1980 жылдың 28 тамызында туған

Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «саясаттанушы» мамандығы бойынша білім алған. Әлеуметтану магистрі.

Мемлекеттік қызметте (Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Тіл комитеті), үкіметтік емес ұйымдағы жұмыс өтілі («Конгресс духовного согласия» ҚҚ), академиялық дәрежесі (Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университеті).

 

Директордың орынбасары – ресми өкіл

Лоскутова Оксана Павловна

5 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

2002 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетін (Ақтөбе қ.) «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр.

Еңбек жолын 1999 ж. «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Армысың, Ақтөбем!» бағдарламасының жүргізушісі, корреспонденті қызметінен бастады.

2003-2006  жж. – Ақтөбе теміржол көлігі колледжінде лаборант, диспетчер, қазақ тілі мен іс-қағаздарын жүргізу пәндерінің оқытушысы.

2006 ж. негізгі жұмысымен қоса «Рика-ТВ» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі (Ақтөбе қ.).

2006 – 2013 жж. аралығында «Астана» телеарнасында жүргізуші, жаңалықтардың жауапты шығарушы, тілші. «Алға, Оксана!», «Қыран» әскери-патриоттық бағдарламаларының авторы және «Біз біргеміз – Мы вместе!» әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі, тілшісі.

2013 ж. «Назарбаев орталығы» ММ баспасөз хатшысы.

2014 ж. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ баспасөз хатшысы – жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы.

2016 ж. «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз хатшысы.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы