Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Орталық мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер

Орталық мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және оның іске асырылу барысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесін бекіту туралы

1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және оның іске асырылу барысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі (бұдан әрі – Кесте) бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгеннен кейін екі күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпаратты жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсанның 30 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпаратты енгізсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                                                             Б. Сағынтаев

Орналастырылған: 05.02.2018
Жаңартылған: 22.02.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы