Қазақстан Республикасы
                                                                               Ақпарат және коммуникациялар
                    министрлігінің  жауапты хатшысының
                2016 жылғы «__» _______
                       № ____ бұйрығымен
                     БЕКІТІЛГЕН
 
 
Қазақстан Республикасы  Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің
Ішкі әкімшілендіру департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ереже
 
          1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
4. Департамент 2 басқармадан тұрады:
 Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы;
 Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
5. ҚҚББ:
5.1. Міндеті: Министрліктің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету.
Функциялары:
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен, министрліктерден, ведомстволар мен басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан қағаз және электронды тасығышта келіп түсетін құжаттарды ЭҚАБЖ деректер базасында (бұдан әрі- ДБ) қабылдауды, тіркеуді ұйымдастыру;
  2. Адресаттарға ЭҚАБЖ арқылы электрондық форматта құжаттарды жіберуді, қағаз тасығышта адресаттарға тиісті тізілімді құру арқылы «Қазпошта» АҚ Астана поштамты» АФ арнайы байланыс қызметі және курьер арқылы қолма-қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  3. Министрліктің Істер номенклатурасын әзірлеуді ұйымдастыру, оны құжат жүргізу саласындағы уәкілетті органмен (ҚР Ұлттық мұрағаты) келісу және оның бекітілуін қамтамасыз ету;
  4. Министрліктің сараптамалық-тексеру комиссиясын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына құжаттарды жауапты сақтауға беру туралы шешімді қабылдау, тәжірибелік маңызы жойылып, тарихи және басқада құндылығы жоқ құжаттарды жою жөніндегі шешімді қабылдау;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің қызметі процесінде құрылған мұрағаттық құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану бойынша жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру, Министрліктің ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру;
  6. Құжаттардың бланкілерін пайдалануға орталықтандырылған беруді, есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру;
  7. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына құжаттаманы басқару және қызметті құжаттамалық қамтамасыз ету, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың регламенттерінің талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
5.2. Міндеті:
Бақылауда тұрған құжаттарға, оның ішінде ҚР Президенті, ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу.
Функциялары:
  1. ЭҚАБЖ ДҚ қызметтік құжаттарды бақылауға күнделікті қоюды жүзеге асыру, қаулылардың, өкімдердің бұйрықтардың, кеңес хаттамаларының, отырыстардың, тапсырмалардың және де Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басқа да құжаттарының, олардың түсуі бойынша бақылау тармақтарын ЭҚАБЖ ДҚ енгізу;
  2. Қызметтік құжаттар қозғалысының сызбасын және қызметтік құжаттарды бақылаудың тізбелерін әзірлеу, олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша орындаушылармен жұмыс жүргізу;
  3. Мемлекеттік органдардың интранет-порталында, бақылау құжаттарын хабарлау ақпараттық жүйесінде орналасқан ҚР Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің хабарламаларымен жедел жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету (бағдаршам);
  4. Алдағы кезеңге орындау мерзімін қоса, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары үшін бақылау құжаттар бойынша апта сайынғы есептер-хабарламалар құру.
5.3.. Міндеті:
Министрліктегі жеке және заңды тұлғалардың хат жүзіндегі өтініштердің, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтындағы «Президенттің бизнесті қорғау» бөліміне, «Электрондық Үкімет» порталына келіп түсетін өтініштердің, Министрдің блогына түсетін өтініштердің орындалуын бақылау.
Функциялары:
1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға мониторинг жүргізу;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері үшін жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша бақылаудағы құжаттардың алдағы екі аптада орындау мерзімі көрсетілген апталық тізбені құруды қамтамасыз ету;
3) «Электрондық Үкімет» порталынан келіп түскен өтініштерді тіркеу кезінде ЭЦҚ түпнұсқасын тексеру, оларды тіркеуді, бақылауға қоюды қамтамасыз ету, оларды уақтылы қаралуын ұйымдастыру және бақылаудан алу.
5.4. Міндеті:
Министрліктің басшылығын құжат айналымы мен бақылаудағы құжаттарды орындау жөніндегі талдамалық және статистикалық деректермен қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Министр және Министрліктің жауапты хатшысының аппараттық кеңестеріне бақылаудағы тапсырмалар, депутаттық сауалдар мен өтініштері, Министрліктер мен ведомстволардың сұрау салулары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық есепті апта сайын дайындау;
2) алдағы аптада орындалатын бақылау мерзімінде тұрған құжаттар тізбесін дайындау;
3) ағымдағы аптаға орындау мерзімімен, орындалмаған құжаттардың апта сайынғы тізбелерін дайындау;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына рейтингтік бағалауды жүргізу үшін мерзімдерін бұзумен орындалған құжаттар бойынша ай сайынғы жиынтық есепті құру;
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Министрліктің басшылығына атқарушылық тәртіп және құжат айналым бойынша тоқсандық және жылдық  есептерді дайындау;
6. МТДБ
6.1. Міндеті:
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Министрлікте мемлекеттік тіл саясатын жүргізу.
Функциялары:
  1. «ҚР тілдерді дамыту туралы» ҚР Заңын, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын,тіл саясаты мәселелері бойынша Президенттің, Үкіметтің қаулыларын және басқа да құқықтық актілерін орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
  2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен көзделген тіл саясаты бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  3. Министрліктегі мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік тіл саласында қызметшілердің білімін жетілдіру;
  4.  Кіріс және шығыс құжаттарға Министрліктің құжат айналымына, оның ішінде құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыруға мониторинг жүргізу (Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволарына тексеріс жүргізу және жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу);
  5.  Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту және үш тілділікті дамыту бойынша Министрліктің қызметкерлеріне курстар өткізуді ұйымдастыру;
  6.  Жоғары мемлекеттік органдарға кететін мемлекеттік тілде әзірленген Министрлік басшылығының құжаттарын, Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын редакциялауды және келісуді жүзеге асыру;
  7. Жоғары мемлекеттік органдарға кететін мемлекеттік тілде әзірленген Министрлік басшылығының құжаттарын, Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын редакциялауды және келісуді жүзеге асыру;
  8.  Министрліктің қызметі саласындағы терминологияны жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бұдан басқа департамент:
Министрліктің алқа жұмысын, Министрде, вице-министрде және жауапты хатшыда өтетін аппараттық кеңестерді техникалық - ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді.
Министрліктің орталық аппаратын негізгі құралдармен, көлік құралдарымен, техникалық құралдармен, кеңсе тауарлармен және телекоммуникациялық құралдармен жабдықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Министрлікте жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады.
Министрмен, жауапты хатшымен, Министрдің орынбасарларымен жеке мәселелер бойынша азаматтар қабылдаудың тоқсан сайынғы кестесін құрады, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне қабылдау кестесін жолдайды;
Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау карточкасын толтырады, қабылдау нәтижесі бойынша қабылданған шешімдерге мониторингті қамтамасыз етеді, қабылдау қорытындысы бойынша есеп дайындайды;
Мемлекеттік ақпараттық саясатты, ақпараттандыру және байланысты, сондай-ақ Министрліктің жұмысын жоспарлауды қалыптастыруға және іске асыруға қатысады.
Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді жобаларын қарастыруға және әзірлеуге қатысады және олар бойынша қорытынды дайындай;
Департаменттің құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл етеді;
Департаменттің құзыреті шегінде құжаттар бойынша материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен Департаментке жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7. Құқықтары мен міндеттемелері:
Департамент міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізеді;
Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелерді Министрліктің басшылығымен талқылауға қатысады;
басшылықтың тапсырмасы бойынша, Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де кәсіпорындар мен ұйымдарда, соның ішінде шет елдік ұйымдарда өкілдік етеді;
Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұрату және алады;
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар мен кеңестер ұйымдастырады және өткізеді;
әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және кәсіпорындарында Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруді жүзеге асырады;
өзіне жүктелген   міндеттерге   сәйкес,   Департамент  өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының келісімімен ведомстволық бағынысты ұйымдарын және олардың қызметкерлерін тартады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің және жауапты хатшының Департаментке жүктеген өзге де міндеттерін жүзеге асыруға құқылы.
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жүргізуде консультативтік-кеңестік органдарда немесе басқа да қажетті көмек көрсету қажет болғанда Департамент қызметкерлерін бөлу;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салса, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамалар беру;
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Әкімшілік мемлекеттік қызметші этикасының нормаларын қатаң сақтау;
Сыбайлас жемқорлық жағдайлар белгілі болғанда, ол туралы Министрлік басшылығына немесе құқықтық қорғау органдарына мәлімдеу.
Департаменттің қызметшілері функционалдық міндеттемелерін орындаған кезде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу.
 
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
 
8. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады. 
10. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және  Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
11. Белгіленген мерзімде міндетті орындалуға жататын кіріс және шығыс хат хабарлар Министрдің және Жауапты хатшының нұсқауымен жіберіледі.
12. Департамент директорының бір орынбасары болады.
13.  Департаменттің директоры Министрліктің жауапты хатшысына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
14. Департамент Директоры  Министрге, өз құзыреті шегінде Жауапты хатшыға бағынады.
15. Директор:
1)  Департаменттің құрамына кіретін өзінің орынбасарының, басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президент актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Департамент директорының орынбасары:
1) өз өкілеттігі шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;
2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) Департаменттің директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге Департаменттің атынан жолданатын құжаттарға Департаменттің директоры немесе Департамент Директорының орынбасары қол қояды.
17. Департамент директоры, оның орынбасарлары және басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.
18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.
______________________

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы