Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 56, 770-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

2-тармақта:

7) тармақша мынадай редакциядағы жазылсын:

«7) теле-, радиоарналарды тарату жөнiндегi қызметтерге тарифтердi интернет-ресурста жариялау;»;

мынадай редакциядағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз ету.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                 Б. Сағынтаев

 

Дата мероприятия: 
Сейсенбі, 27 қараша, 2018
Орналастырылған: 27.11.2018
Жаңартылған: 27.11.2018

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы