Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Тезисы к выступлению министра информации и коммуникаций Д.А.Абаева в ходе заседания Правительства по вопросам реализации Плана мероприятий на первое полугодие 2017г. г.Астана, 7 февраля, 2017 г.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Үкіметтің 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарын даярлау барысында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алдағы         6 айдағы іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады.

Бірінші. Біз ағымдағы жылдың маусым айында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын Үкіметке енгізуді жоспарлап отырмыз.

Бұл құжаттың «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасынан басты айырмашылығы – онда мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің негіздемесі мен қаржыландыру тәртібі қамтылып отыр.

Тұтастай алғанда, Бағдарламаның басты мақсаты - тұрғындардың өмір сапасын арттыру әрі отандық экономиканы цифрландыру.

Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін Интернет қолданушылардың үлесін 80%-ға дейін арттыру, тұрғындардың 95%-ын цифрлық хабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80%-ға дейін арттыру көзделуде.

Екінші. Ағымдағы жылы біз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын мемлекеттік қызметтердің санын 85 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Осы мақсатта алғашқы жартыжылдықта Мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.

Үшінші. Науырыз мейрамы қарсаңында «Хабар» агенттігінің құрамында жаңа «Ел арна» кинотелеарнасын іске қосу жоспарлануда.

Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды тарансляциялайтын болады.

Жобаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – отандық кинематорграфияны дамытып, Қазақстан халқының дәстүрлі құндылықтарымен идеологиялық тәрбиені қолға алу. Сонымен қатар, осы арқылы отандық ақпараттық өнімдерге сұранысты арттыруға ықпал ету көзделіп отыр.

Назарларыңызға рахмет!

Дата мероприятия: 
Сейсенбі, 7 ақпан, 2017

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы