Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Тезисы к выступлению министра информации и коммуникаций Даурена Абаева в рамках «правительственного часа» г.Астана, 05 декабря 2016г.

Құрметті депутаттар!

Құрметті ақпарат құралдарының өкілдері!

Адамзаттың өмірінде ақпараттың маңызы барған сайын артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік мәселесі кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды.

Сондықтан да, елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылып, оған көптеген міндеттер жүктелгені белгілі.

Осыған сай, Министрлік отандық масс-медианы жаңғырту және еліміздің ақпарат кеңестігін нығайтуға қатысты іргелі шараларды жүзеге асыру үстінде.

Баршаңызға мәлім, қазіргі күні медиа құралдар бұрын-соңды болмаған жаңа технологиялардың арқасында форматы мен мазмұнын жаңартып, ақпарат таратудың тың әдістерін тауып, қарқынды түрде даму үстінде. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, әлемде болып жатқан үрдіс.

Сонымен қатар, ақпарат құралдарына қатысты талаптар да өзгеру үстінде.

Бүгінде олардан жылдамдық пен материалды сапалы ұсыну қана емес, сонымен қатар, тұтынушыларымен тығыз байланыс орнату, олардың тілегін ескеріп, материалды жаңаша тұрғыдан беру талап етіледі.

Осы орайда, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жан-жақты дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында Министрлік қолға алған іс-шаралар назарларыңызға ұсынылады.

Отандық телевизияның сапасын арттыру бағытындағы ауқымды шараның тағы бірі «Kazakh TV» телеарнасында жүзеге асырылды. Биылғы жылдың қазан айында «Білім және Мәдениет» арнасы «Kazakh TV» арнасымен біріктіріліп, жаңа маусымда жаңа форматтағы «Kazakh TV» телеарнасы ретінде хабар таратуға көшті.

Телеарна әлем елдеріне тәулігіне 24 сағат қазақ және ағылшын тілдерінде хабар таратады.

Бүгінгі күні «KazakhTV» сигналы 4 құрлықта 118 мемлекетті қамтып отыр.

Жаңарған арнадағы тележобалар үш блокқа бөлінген. Олар:

  • Еліміздің инвестициялық тартымдылығы мен шетелдік капиталға қажетті мүмкіндікті көрсету;
  • Қазақстандағы туризмге қатысты контент;
  • және қазақ халқының бай мәдени-тарихи мұрасын насихаттау.

Осыған байланысты, бүгінгі күні министрлік «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің жұмысын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Әлемдегі беделді басылымдардың үлгілеріне сай осы жылдың қыркүйек айынан бастап, аталған газеттер бет-бейнесін өзгертті. Бұл өзгеріс қажетті ақпаратты басылымнан оңай табуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, QR-кодты енгізу арқылы оқырманның газеттің баспа нұсқасынан электрондық нұсқаға жедел өтуіне мүмкіндік жасалды.

Сонымен қатар, биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап, Астана қаласында таратылатын газеттер толық түсті нұсқаға көшірілді.

Газеттердің интернет желісіндегі жұмысы да күшейтіле түсті.

Ал, жаңа жылдан бастап бұл басылымдарды еуроформатқа көшіру жоспарлануда. Яғни, сол кезеңнен бастап «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері қазіргідей бейсенбі мен сенбі аралығында емес, дүйсенбі күнінен бастап жұмаға дейін, аптасына 5 рет жарық көретін болады.

Аса маңызды жұмыстардың бірі - Салалық журналистиканы дамыту. Яғни, жаңа технологияларға және оқырманның күнделікті сұранысына икемді журналистерді дайындау.

Осыған байланысты, саясат, экономика және құқық сияқты нақты бағыттар бойынша журналистердің біліктілігін түрлі аудиторияға (аудандық, облыстық, республикалық) бағдарлай отырып арттыруды қарастыру қажет.

Негізгі бағыттардың тағы бірі – кәсіби оқыту.

Бұл бағытта республикалық, облыстық, аудандық және ведомстволық газеттердегі журналистердің біліктілігін арттырудың орталықтандырылған жүйесін әзірлеу жоспарлануда.

Мәселен, атақты әлемдік БАҚ-тарда (Financial Times, The New York Times және т.б.) журналистердің тағылымдасын, республикалық, облыстық және аудандық газеттердің журналистеріне тақырыптық семинарларды, тренингтерді, курстарды ұйымдастыру және журналистік конкурстарды өткізу межеленуде.

Құрметті депутаттар!

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Министрлік іске кіріскеннен бері қысқа уақыттың ішінде еліміздің ақпарат саласын дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Әрине, алдымызда әлі де көптеген іс-шараларды жүзеге асыру міндеті тұр. Ең бастысы, бүгінде мақсат-міндеттер айқындалып, жұмыс  жүйелі жолға қойылды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еліміздің ақпарат кеңістігін нығайту бағытындағы бастамаларымызға қолдау білдірулеріңізді сұраймыз.

 

Дата мероприятия: 
Дүйсенбі, 27 қараша, 2017

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы