Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ – ірі қазақстандық мемлекеттік компания, Қазақстан Республикасындағы инфокоммуникациялық саланың заманауй инфокоммуникациялық технологиялары мен экономикалық тиімділігін дамыту үшін құрылған АКТ саласындағы ұлттық дамыту институты болып табылады.

Холдинг 2008 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды.

«Зерде» холдингі инфокоммуникациялық технологиялар нарығын дамыту мен жедел жобаларды іске асыруға, бірыңғай инфокоммуникациялық орта қалыптастыруға көмектесу мақсатында құрылды.

Холдингтің миссиясы - Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамын және бәсекеге қабілетті АКТ саласын қалыптастыруға көмектесу болып табылады.

«Зерде» холдингі» АҚ-да АКТ саласын дамыту үшін қажетті құралдар жиынтығы бар.

«Зерде» холдингі қызметінің негізгі мәні – инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру, инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту, инфокоммуникациялар саласының инвестициялық белсенділігін ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар құру мақсатында еншілес ұйымдарды тиімді басқару болып табылады.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

·        Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының институционалдық дамуын қамтамасыз ету;

·        Жаңа жобаларды бастамалау үшін перспективалық зерттемелер, АТ саласындағы тенденцияларды зерттеу бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру;

·        Мемлекеттік секторда ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу;

·        «Электрондық үкіметтің» архитектурасын әдістемелік дамыту;

·        АКТ саласының адами капиталын дамыту;

·        Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде инвестицияларды тарту;

·        Цифрландырудың тұжырымдамалары мен стратегияларын қалыптастыру;

·        АКТ саласындағы жобаларды басқару және сараптау;

Холдингтің компаниялар тобында корпоративтік басқаруды жетілдіру. Холдинг жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі компаниялар тобының шоғырландырылған кірісін арттыру, «электрондық үкіметті» дамыту болды, бұл «электрондық үкіметке» даярлық бойынша БҰҰ рейтингінде кенет көтерілуді, АКТ-білімінің дамуын, АКТ саласындағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттар базасын қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз етеді.

«Зерде холдингі» АҚ-на ТМД қатысушы мемлекеттерін базалық ұйымдастыру мәртебесі берілді. Оның негізгі міндеттері мен бағыттары АКТ аясында ТМД қатысушы мемлекеттер арасында көп жақты ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету, олардың дамуының мүмкін тенденцияларын болжау және дүниежүзілік тенденциялармен салыстыру болып табылады.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы №649 бұйрығына сәйкес «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мониторингі бойынша қызметті жүзеге асырады.

Сонымен қатар, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ базасында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның мәні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2001 жылғы 27 шілдедегі №274 бұйрығымен құрылған «Ақпараттық технологиялар» Стандарттау жөніндегі №34 техникалық комитеті қызмет етеді.

34 ТК Холдинг базасында ақпараттық технологиялар саласында техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша бірыңғай саясатты өңдеу мен іске асыру үшін құрылды. 34 ТК міндетіне ақпараттық технологиялар саласында техникалық реттеу аясында өткізілетін іс-шараларды әзірлеу, келісу және іске асыру жатады.

34 ТК  қызметінің объектілері: көп қайталамалы жаңғырту немесе пайдалану перспективасы бар ақпараттық-технологиялық жабдықтардың жалпы аспектілері мен бағдарламалық өнімдерін қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласындағы өнім, қызметтер, процестер болып табылады.

Холдингтің философияның негізінде – оның күшті жақтарын көрсететін және корпоративтік дамудың басым бағыттарын анықтайтын құндылықтар жүйесі бар.

Инновациялар. Инновациялар біздің жұмысымыздың негізі болып табылады. Бұл біздің ерекше белгіміз – біз стандарттан тыс шешімдерге ашықпыз және жаңа идеяларды енгізуге бағытталғанбыз. Біздің Холдингтің әрі қарай дамуы үшін қажетті орынды тәуекелдерді қабылдауға дайынбыз.

Сенімділік. Біздіңі істеріміздің барлығында сенімділік – басым мақсат. Біз күнделікті қызметте ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен жан-тәнімен берілу арқылы, ұсынылатын тауарлар мен қызметтерде сапаның жоғары деңгейіне және сенімділікке жетуге үздіксіз талпынамыз.

Бірлік. Біз – ортақ мақсаттары бар ниеттес адамдар командасымыз. Әр қызметші команданың ауыстыруға болмайтын бөлігі болып табылады және Холдингтің қызметіне айтарлықтай ықпалын тигізеді. Холдингтің табысқа жетуі тәртіпке салынған жұмыс, конструктивті сұхбат, өзара қолдау және білім мен тәжірибемен алмасу жағдайында ғана мүмкін.

2017 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.А.Абаевтың № 41-жбұ бұйрығымен Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мекенжайы:

Астана, Алматы к-сі, 1, "Асылтау" БО, 11-қабат

+ 7 (7172) 57 07 78 (қабылдау бөлмесі)

+ 7 (7172) 57 09 08 (кеңсе)

+ 7 (7172) 54 32 79 (факс)

Электрондық адресі: zerde@zerde.gov.kz

 

Баспасөз қызметі

+7 (7172) 76 99 12

Электрондық адресі: press@zerde.gov.kz

 

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның

ресми интернет-ресурсы

www.zerde.gov.kz

 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы