You are here

Жиі қойылатын сұрақтар

 
Сұрақ:
 
Жеке тұлғалар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану/пайдалану үшін түсініктеме беруіңізді сұраймыз, атап айтқанда: ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке иемдену құқығын заңдастыру үшін электрондық үкімет порталы арқылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес құжаттар жиынтығын жіберу мәселесін анықтауыңызды сұраймыз.
 
Жауап:
 
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, осы заңның талаптарына сай келетін және қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат қағаз нұсқасындағы құжатқа тең болып табылады.
2014 жылғы 30 маусымның «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарына және  тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға мүлікті заңдастыруға байланысты амнистия жасау туралы» ҚР заңының 7-бабына сәйкес, осы заңның 10-бабында өзгеше көзделмесе, ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті заңдастыру, заңдастыру субъектінің тарапынан комиссияға мынадай құжаттарды тапсыру арқылы жүргізіледі:
 
1)осы Заңның 1-қосымшасына сәйкес үлгісінде мүлікті заңдастыру өтінішінің екі данасы;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтінішті тапсыру кезінде түпнұсқасын ұсыну қажет;
3)объектітің құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігі бойынша ғимараттар мен құрылымдардың техникалық байқауын өткізетін сертификатталған сарапшының тұжырымы;
4)жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты.
 
7-баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар заңдастыру субъектілерімен жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға беріледі.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 24 қарашасының «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Руспубликасы Заңының  1-бабының 63) тармақшасына сәйкес «электрондық үкімет» - Үкімет функцияларын автоматтандыруы мен оңтайландыруына негізделген және электронды түрде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған.мемлекеттік органдардың өзара және жеке мен заңды тұлғалармен ақпараттық әрекеттестіктің жүйесі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР заңдарына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы заңдастыру іске асырылмаған (автоматтандырылмаған) болып табылады және де қағаз нұсқасында жергілікті атқарушы органдарымен жұргізіледі.
Осыған орай, жоғарыда аталмыш құжаттарды қағаз нұсқасында ұсыну қажет.
 
 
Сұрақ:
 
Қазіргі уақытта, бұқаралық ақпарат құралдарында ауылға кең жолақты Интернет желісін тарту жобасы туралы деректер бар. Жоба қандай сатыда екенін айтыңызшы ?
 
Жауап:
Ауыл тұрғындарына Интернетке анағұрлым жоғары жылдамдықпен КЖҚ қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұл жоба екі кезеңмен жүзеге асырылмақ:
1-кезең - 2017-2018 жж.;
2-кезең - 2019-2025 жж. 
Қазіргі уақытта Жоба әзірлену (анықтап алу) сатысында. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына сәйкес «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-да сараптамадан өту үшін МЖӘ тұжырымдамасы әзірленуде.
Осыған қоса, Жобаның 1-кезеңіне кіретін ауылды елді мекендер тізімі анықталуда, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.
 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы